Атырауда облыстық білім беру басқармасы журналистер барған N3 мектеп-интернатына қатысты мәселеге түсінік берді

Мектеп - интернат жатақханасы төтенше жағдай режимін бұзған адамдарды ұстаудың қосымша арнайы орны ретінде анықталған.

"Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы "Төтенше жағдай туралы" Заңының 13-бабы 2-тармағы 3 тармақшасына сәйкес,

төтенше жағдай кезінде  Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты облыстық тіл мүкістігі бар балаларға арналған арнайы №3 мектеп-интернатының жатақханасы Заңда көзделген талаптарға сәйкес келетін болғандықтан, төтенше жағдай режимін бұзған адамдарды ұстаудың қосымша арнайы орны ретінде анықталып, тұлғалар сол ғимаратта орналастырылды.

Қазіргі кезде мектеп-интернатта оқу үрдісі үзіліссіз сабақ кестесіне сәйкес жүргізіліп отыр, штаттық режимде 139 оқушы білім алуда.

Мектеп-интернатының жатақханасында оқу үрдісі жүрмейді" делінген Атырау облысы білім беру басқармасы таратқан мәліметте.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз