Атырауда Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды

 Бүгін, 22 наурыз күні Исатай-Махамбет алаңында Наурыз мерекесіне орай 20-ға жуық киіз үй құрылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов алаңдағы киіз үйлерді аралап тұрғындарды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.

«Ел бірлігі-Жаңа Қазақстан» атты мерекелік шарада «Астана Сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Әлихай Дүйсенбай, Асқар Мұқият, Райм Уайыс және «T&Y» дуеті өнер көрсетті.

- Қадірменді ағайын! Баршаңызды бүгінгі келіп жеткен Әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бүгін Табиғат Ананың өзі оянып, жерімізде бәйшешек гүл атып жатса, біздің жақсылықтарға бастау алатын, көңілді кеңейетін, пейілдің түзелетін күні. Ақ мол болсын! Мереке құтты болсын, деді Серік Шәпкенов.

Атырау облысында 14 наурыз-Көрісу күнінен бастап бүгінге дейін 100 ден аса мерекелік шара өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз