Атырауда мемлекеттік қызметшілердің демалыс күндері жұмысқа шығуын тоқтатуға бағытталған ақпараттық жүйе жасақталуда

Мемлекеттік органдардың қолжетімділіктерін бақылау мақсатында «Е-қызмет» жүйесімен интеграциялау жоспары бекітілді, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов мәлім етті. - Қазіргі таңда Атырау облысында мемлекеттік органдардың қолжетімділігін бақылау және басқару жүйесін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл өз кезегінде атқарылатын шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға, икемді жұмыс кестесін құруға, оның ішінде жұмыс күні аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнындағы кідірісін, қызметшілердің демалыс күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтатуға бағытталатын болады, деді спикер.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Атырау облысы Еңбек инспекциясы басқармасына 200 ден аса арыз-шағым келіп түскен. Арыз-шағымдар нәтижесінде 167 мекеме тексеріліп, тиісті шаралар қолданылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT