Атырауда әкімдік пен қайырымды жандар бірлесіп мүмкіндігі шектеулі адамның үйін жөндеп берді

Атырау қалалық әкімдігі мен қайырымды жандардың қолдауымен ІІ топ мүгедегі Жанна Ильбалиеваның үйіне толықтай жөндеу жүргізілді.

Бүгін мұқтаж жан пәтеріне қайта қоныстанды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Жанна Ильбалиева 1983 жылы Ресейдің Астрахань қаласында дүниеге келіп, бала күнінде Атырауға көшіп келген. Жеке құжаттары, азаматтығы болмауына байланысты, бүгінге дейін өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта тұрып келген.

"Сондықтан, Жанна ешқандай әлеуметтік көмек ала алмай келген еді. Атырау қалалық әкімдігінің тікелей араласуымен бұл мәселе өз шешімін тапты. Жаннаның мүгедектігі мен жеке басын растайтын құжаттарды дайындап бердік. Енді, ол әлеуметтік жәрдемақы алады және ІІ топ мүгедектігі де тағайындалды. Бастысы, Жаннаға Қазақстанның азаматтығы берілді. Әкімдік тарапынан арнайы әлеуметтік қызметкер де бөлінді. Және пәтердің барлық коммуналдық қызметке берешегі толығымен өтеліп, тұрмыстық қажеттілік пен киім-кешекпен толықтай қамтылды" дейді Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы Нұрлы Хабиева.

Қазіргі таңда пәтер құжаттарын иесінің атына рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика