banner_damu

Атырауда газетке жазылушылар арасында ұйымдастырылған ұтыс ойыны жеңімпаздары анықталды

«Атырау – Ақпарат» медиахолдингінің ұйымдастыруымен облыстық және аудандық газетке жазылушылар арасында ұтыс ойыны өтті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірілік коммуникациялар қызметі.

Ұтыс облыстық «Atyray», «Прикаспийская коммуна» және жеті аудандық газетке 6 айға, 1 жылға жазылушылар арасында ойналды. Ұтыс ойынының жеңімпаздары компьютердегі кездейсоқ сандар арқылы таңдалды. Жеңімпаздар «Caspian News» телеарнасынан тікелей эфирде анықталды. Жүлде қоры 300 мың теңгені құрайтын лоторея ойынына бас жүлдеге 100 мың теңге тігілді.

Оған Анар Махмудова есімді оқырман ие болды. Ал, 50 000 теңгелік екі сертификат Маркс Аруов пен Айгерім Медетоваға бұйырса, 25 мың және 10 мың теңгелік бес сертификаттың иегерлерінің де белгілі болды. Ұтыс ойынының бас демеушісі - “Қазақстан Еуразия банкі” акционерлік қоғамы.

Айта кетейік, облыстық және аудандық газетке жазылғандардың жалпы саны 17 мыңнан асып отыр. Оның ішінде, «Қызылқоға», «Серпер» газеттері оқырмандары ерекше белсенділік танытып отыр.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика