АТЫРАУДА АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Көктемгі су тасқыны кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық  маңызы бар автомобиль жолдарын сақтау мақсатында ҚР Көлік және коммуникация министрінің  арнайы бұйрығы шыққан болатын.
Соған сәйкес, 1- наурыз бен 1 сәуір аралығында оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын  ауыр салмақтағы автокөліктер республикалық маңызы бар  жолдарда жүрмеуі тиіс.  Осы талаптың орындалысын бақылау мақсатында «Атырау көлік прокуратурасы», Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ, «ҚазАвтоЖол»ҰҚ АҚ және «Қазақавтожол» ЖШС Атырау облыстық  филиалы өкілдері мен жергілікті полиция  қызметі «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Іс-шара барысында «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы» /Астрахань бағыты/ автомобиль жолының 573-ші шақырымындағы демалыс алаңында  ауыр жүк көліктерінің  салмақтық  параметрлері  өлшеніп,  тексеріліп,  шектеуді  асырмау жөнінде заңнамалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
«Жолда қабылдау» акциясына қатысқан «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ инженері М.Телеуғалиевтің айтуынша, бұл жол телімінде  орташа жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған. Биыл пайдалануға беріледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521