Атырауда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті 

25 қазан - Республика күніне орай Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенловтің қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Аймақ басшысы алдымен тұрғындарды Республика күнімен құттықтады.

- Қадірменді ағайын, баршаңызды бүгінгі ұлттық мерекеміз Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабаларымыз сан ғасырдан бері армандап өткен Тәуелсіздігіміз 1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіздік декларациясымен келгенін бәріміз білеміз. Міне, бірнеше жылдан кейін Ұлытауда өткен Ұлы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы күнді тарихи сахнаға қайта алып келуге ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы мен халқымыздың бірлескен шешімі аясында бұл күн қайта жаңғырды. Республика күні Көк байрағымыздың көкте желбіреуі жас ұрпақтың елім, жерім деген намысын қайрай түседі деп ойлаймын.

Ең бастысы, ынтымағымыз жарасып, ырысқа бөленіп жүрейік! Лайымда Туымыздың тұғыры биік болсын, деді С.Шәпкенов.

Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз