Атырауда «Атырау - Құрманғазы» бағытындағы пойыз іске қосылды (ФОТО)

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов теміржол пойызының іске қосылу рәсіміне барды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алғашқы рейсті салтанатты түрде іске қосу рәсіміне Құрманғазы мен Исатай аудандарының әкімдері де қатысты. Облыс әкімі жолаушылар пойызының барлық вагондарын санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, құттықтау сөз сөйледі.

kurmangazy-poiyz-ishi

- Осы рейсті ашудағы басты мақсатымыз - жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу. Риза  болған тұрғындардың пікірін естідім. Сапарларыңызға сәттілік тілеймін. Барлық әріптестеріме осы атқарылған жұмыстар үшін алғысымды айтамын, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Жолаушы Раушан Иманбаева бұл сәтті ұзақ күткендерін айтты.

zholaushy

"Тікелей рейске отырып, үйге осындай жайлылықпен бара алатынымды білу қандай жақсы қуаныш. Бүгін біз үшін нағыз мереке » - деді Раушан Иманбаева.

Еске сала кетелік, құрамында 3 вагоны бар пойыз жергілікті уақыт бойынша Атырау қаласынан  сағат 11: 00 -де, Д.Нұрпейісова станциясынан 18:42-де шығады.

Пойыз құрамында үш вагон бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521