АТЫРАУДА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАТЫН ОТБАСЫЛАР САНЫ 15 941-ГЕ ЖЕТЕДІ

Енді бірінші сәуірден бастап Атырауда атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың саны 15 941-ге жетеді. 

Бұған дейін аймақта 10000-нан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алып келген еді. “Мәселен, бүгінгі күнге дейін әлеуметтік көмек мөлшері 4834 теңге болса, енді әр балаға шаққанда берілетін жәрдемақы көлемі 20789 теңге болады” деп мәлімдеді Атырауға сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.

Еске сала кетелік, ҚР Премьер – Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған делегация құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, “Нұр Отан” партиясының хатшысы Қаныбек Бекболатұлы бар.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521