Атырауда Амал мерекесі тойланды

14 наурыз - Көрісу күніне орай Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры алаңында «Амал келді - жыл келді» атты мәдени-көпшілік шара өтті.

Концерттік бағдарлама «Көрісу» атты театрландырылған қойылыммен ашылды.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды әз Наурыздың жаршысы - Көрісу күнімен құттықтады.

- Біз үшін бүгін ерекше күн! Бұл күні тек көктеммен бірге тіршілік оянып қана қоймай, қыстан аман шыққан халық ағайынның амандығын біледі. Сондай-ақ, пендешілікке салынып араздасқан жандар кешірімдесіп, татуласатын күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, өркениеті дамыған елдердің мәдениеті араласқанда өзіміздің мәдени құндылықтарымызды жоғалтып алмай, берік болуымыз керек.

Көрісу - ата-бабамыздан бойымызға біткен текті дәстүр. Оны ешқашан ұмытпай, жастарға дәріптеуіміз керек. Қадірлі ағайын! Көрісу күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,-деді С.Шәпкенов.

Мерекелік шара М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театр әртістерінің өнерімен жалғасты. Олар көрісу салтын сахналап, сал-серілер өнерін ортаға салды. Жігіттер мен қыздар айтысты. Ақсақалдар ақ батасын беріп, жас келіндер қонақтарға шашу шашты.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз