Атырауда 43 ақжаулық "Полицейдің анасы" төсбелгісімен марапатталды

"Қоғамдық тәртіпті сақтауда, елге қызмет етуде айрықша еңбегімен көзге түскен атыраулық полицейлердің аналарына ерекше құрмет көрсетілді" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай өткен мерекелік шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов қатысып, аналарға құрметті марапатты табыстады.

"Полиция - еліміздің қорғаны. Қоғамның тұтастығын, тұрақтылығын, ішкі тәртіпті қамтамасыз етуде - полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Осы ретте, елін сүйетін, отаншыл азаматтарды тәрбиелеп өсірген аналарымызға алғысымыз шексіз" деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов.

Еске сала кетелік, шара барысында барлығы 43 ана "Полицейдің анасы" төсбелгісін иеленді.

Награда иелерінің қатарында Айбала Утепова, Ақбота Дүйсенова, Лида Ганиева, Күнсұлу Нұрмағамбетова сынды аналар бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз