«АТЫРАУ-ЖАРЫҚТА» ЖАҢА БАСШЫ

Бүгін «Атырау-Жарық» АҚ бас инженері Мейірбек Губашев Индер аудандық бөлімшесінің ұжымына жаңа басшы Джумиев Қуанышбек Амангелдіұлы таныстырды.

Қуанышбек Амангелдіұлы 1977 жылы туған. 1999 жылы Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын электр желісі және технологиялық кешендерді автоматтандыру мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылдың 5 шілдесінен «АРЭК» АҚ «Қалалық электр желілері» филиалының қосалқы станция қызметтері бойынша екінші топтың электригі болып бастаған. 2003-2008 ж.ж. Атырау қаласындағы «Атырау-Жарық» АҚ энергетикалық кәсіпорнында түрлі инженерлік лауазымдарда жұмыс істеген.

2008 жылдың 6 қазанынан бастап м.а. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша энергетикалық қадағалау және бақылау департаментінің сарапшысы болып тағайындалған. 2012-2018 ж.ж. Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің бөлім бастығы, 2018-2019 ж.ж. Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Энергетика саласында жиырма жылға жуық жұмыс өтілі бар Қ.Джумиевті бас инженер еңбек жолында сәттілік тіледі.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз