Атырау облысының Жанбай ауылында спорт кешені ашылды

Исатай ауданының Жанбай ауылында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі пайдалануға берілді.

Спорт нысанының ашылуына Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

 


Нариман Таушов ауыл спортын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.


- Елімізді әлемге танытып жүрген чемпиондарымыз ауылдық елді мекендерден көптеп шығуда. Жанбай ауылынан да болашақта  әлем, олимпиада чемпиондары шығады деген сенімдеміз, - деді облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов.

Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген екі қабаттан тұратын спорттық нысан толықтай қажетті құрал- жабдықтармен
қамтамасыз етілген.

Спорт кешенінде бір мезгілде 300-ге жуық жасөспірім бокс, волейбол, баскетбол, каратэ, таеквандо, қазақ күресі сынды спорт түрлерімен шұғылдана алады. Сонымен бірге, адамның ойлау қабілетін дамытатын тоғызқұмалақ ойыны үшін де жағдай жасалған.

«Жалынды Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысын жүргізген нысан ауласында арнайы алаң бар.

 

Еске сала кетелік, спорт кешенінің ашылу салтанатына Исатай ауданының зиялы қауым өкілдері, ардагер спортшылар мен жергілікті тұрғындар қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз