banner_damu

Атырау облысында жыл басынан бері 18 927 жаңа жұмыс орны ашылды

«Nur Otan» партиясының басты мақсаттарының бірі — жұмыссыздық мәселесін жүйелі шешу. Бұл туралы облыс әкімі "Айқын" газетіне жарияланған мақаласында айтты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Атырау облысы 9 айдың қорытындысы бо­йынша, жұмыс орындарын ашудан елімізде көш бастады. Мәселен, биыл 18 907 жаңа жұмыс орны ашы­лып, жұмыспен қамту орталығы ар­қылы 20 864 адам жұмысқа орна­лас­тырылды. «Еңбек» бағдарламасы шең­бе­рінде 29,5 мың адамды қамту жос­пар­ланып, бүгінде 24 348 адам қам­тылды. Оның ішінде 13 733 адам тұ­рақты жұмыс орындарына орна­лас­тырылды. Сонымен қатар қазір жұмыс берушілердің сұранысын ескеріп, жұмыссыздарды еңбек нары­ғында сұранысқа ие кәсіптер бойынша оқытуға көңіл бөліп отырмыз.

«Бастау бизнес» жобасы шеңбе­рінде 5 жыл ішінде 150 мың, оның ішінде биыл мың адамды оқыту жос­парланған. Жыл басынан бері 1102 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыды. Сондай-ақ, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бағытында 266 жас кә­сіпкерге мемлекеттік грант­тарды беру қарастырылды. 2021 жыл­ға 530 адамға қайтарымсыз грант­тар берілді, оның 196-сы жастар. Партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сай­лауалды бағдарламасы жол карта­сының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде медициналық-әлеуметтік меке­мелерде қарт адамдардың тұру жағ­дайларына мониторинг жүргізіледі.

Облыс бойынша 3 243 қарт пен ең­бекке жарамсыз адамға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ба­ғытталған «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылып жатыр.

Атап айтсам, 2021 жылы 258 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін пас­порттау және бейімдеу жоспар­ла­нып, 9 айда 233 нысан немесе 90,3% бейімделді. Мүгедектігі бар адамдарды жұ­мысқа орналастыру, психо­логия­лық және құқықтық көмек көрсету мақ­сатында жуырда Атырау қала­сын­да «Отбасын қолдау бөлімшесі» ашылды" деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика