Атырау облысындағы энергия мекемелері бойынша 2020 жылғы 14 мамырға ақпарат

 Жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар, 14.05.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жағдай бойынша

Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында жұмыс істейтін: 1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 7 қазандық агрегаты, 7 турбина агрегаты жұмыс істейді (қордағысы - 6 қазандық агрегаты, 3 турбина агрегаты;

1 қазандық агрегаты мен 1 турбина агрегаты жоспарлы жөндеуде тұр). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 205 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 1937500 м3. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 5984,7 тонна).

2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты жұмыс істейді, турбина агрегаты 4-еу (қазандық агрегаты №4 - қорда тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 23 МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).

3. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (2 турбина агрегаты резервте, 1 турбоагрегат жоспарлы жөндеуде). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 136 МВт.

4. «ТШО» электрстанциясында 7 турбина агрегаты жұмыс істейді. (№6,2 және №6,6 турбина агрегаттары - резервте). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472 МВт. Сұраныс бойынша генерация 182 МВт құрайды. Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

Ж.М.Айтказиев

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің

Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика