Атырау облысы әлі "қызыл" аймақта

Атырау облысында бір тәулікте 126 адам Covid-19 жұқтырған Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 126 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 85 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды. Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 4 жағдай, Махамбет ауданында - 1 адам. Коронавирустық инфекциясы бар 75 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 51 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 643 адам емделді. Қазір 7 624 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 170, екінші облыстық ауруханада – 176 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 53, кардиоорталықта - 73, т/ж ауруханасында - 83 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 53, жатақханада - 76, аудандық инфекциялық стационарларда - 279. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 451 науқас. Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз