Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

«Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Дарын  Шамұратов тағайындалды»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов 1986 жылғы 16 желтоқсанда Атырау облысы Индер ауданының Бөдене ауылында дүниеге келген.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесін 2009 жылы Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

2009-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратында бас маман, кейін бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2012-2017 жылдары аталған ауданның аппарат басшысы, ал 2017-ші жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, осыған дейін бұл лауазымда болған Полымбет Хасанов наурыз айында Исатай ауданының әкімі қызметіне тағайындалған болатын. 

Атырау облысының әкімдігі

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика