Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталғаны туралы хабарлаймыз!

2023 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 500 000 тг теңгеден 10 грант берілетін болады.

Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының он төрт жастан бастап, отыз бес жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:

«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін электрондық нұсқада Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. поштасы арқылы қабылданады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521