«АТЫРАУ-ИНДЕР» ТАС ЖОЛЫ ЖАБЫЛАДЫ

Өңірде жол құрылысын қайта жаңғырту мақсатында «Атырау-Индер» тас жолы жабылады.

Төрт жолақты жолдың ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Атап айтсақ, жол жөндеу жұмыстары «Атырау-Доссор» тас жолынан Томарлы елді мекеніне дейінгі аралықты қамтымақ.

Осы ретте жол 5 шілде сағат 08:00 ден бастап жабылатындығын хабарлаймыз. Жол құрылысын «Атырауинжстрой» мердігер мекемесі жүргізеді. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, жаңғырту жұмыстары кезінде толықтай жолдың астыңғы қабаттары алынады.

Сондай-ақ, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолы, 15 аялдама және заманауи көше жарық шамдарын орнату көзделген. Сонымен қатар, қалалық автобус бағыттарының да қозғалысы уақытша өзгереді.

Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.

Атырау облысы әкімдігі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика