«Атырау-Д.Нұрпейсова» бағытында пойыз шығару көптен көтеріліп келе жатқан өткір мәселенің бірі.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов те бұл проблеманы үнемі бақылауында ұстап, жылдамдатып шешуді тапсырған болатын.
? Облыстық мәслихат та бұл бағытта пойыз жүргізуді әлеуметтік маңызы бар іс-шара ретінде қолдады.
? Қазір облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тиісті жұмыстарға кірісті. 13 шілдеде «Атырау-Аққыстау-Құрманғазы-Д.Нұрпейісова» бағытында теміржол көлігі арқылы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін ашық конкурс жарияланды.
? Конкурсқа қатысып, тасымалдаушы болғысы келетін 5 мекеменің құжаттары қабылданды. Қолданыстағы заңдарға сай, конкурстық комиссияның отырысы өтіп, жеңімпаз анықталып, хаттама толтырылады.
? Содан кейін барып Басқармамен мердігер мекеме арасында келісім-шарт жасақталады.
? Шамамен жолаушылар пойызы тамыз айында жүре бастайды деп жоспарланып отыр.