Атом энергиясы маңызды қадам

Аудандық мәдениет үйінде Атом энергиясының қажеттілігі туралы аудан халқына түсіндіру жиыны өтті. Оған әр сала өкілдері, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері бар 200-ден астам тұрғын жиналды. Ақпараттық топ өкілдері Темірлан Бертілеуов, Сүйеу Халықов, Гаухар Бопасова елімізде электр қуатына деген сұраныстың өсіп келе жатқандығы, соны қамтамасыз ету үшін жаңа баламалы энергия көзі керектігі жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар қазір біздің еліміз ресейлік қуат көздеріне тәуелді екендігі, қымбатшылығы, егер атом энергия станциясы салынса, еліміздің энергетикасы дамуына үлкен серпіліс болатындығын жеткізді. Жиын Оливера Стоунаның "Атом уақыты" бейнефильмімен жалғасып, тұрғындар алған әсерімен бөлісті. Шара соңында спикерлер барша аудан халқын референдумға қатысып, өз дауыстарын беріп, ел дамуына үлес қосуға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT