Атамекеннен артық жер жоқ

Самат Еламанұлы - соғыс өрті толастамаған Ауғанстаннан атамекеніне оралған қандасымыз. Оның аталары әуелде Маңғыстаудың Қызылсай өңірін мекендепті. Руы – Адайдың Қосайы. Аталары Меккеде қажылық парызын өтеген діндар жандар болыпты. Қызылдардың қырғыны кезінде дінімізден айрылмаймыз деп шет жерге бас сауғалауға тура келіпті. Атасының әулеті ғана емес, төңіректегі ауылдардың көпшілігі ауа көшіпті.

Түркіменстанның қарақұмынан, Тәжікстанның заңғар тауларынан өтіп, Ауғанстан асыпты. Қызылдардың қуғыны әрі жолдың қиындығы оңай тимей мал мен жаннан өлім-жітім көп орын болыпты. Қайта жат жерліктер қайырымдылық танытып, орталарынан жер бөліп беріпті.

Қандастар бүгінгі Ауғанстандағы Бағлан қаласы маңындағы Ақбол ауылын мекендепті. Осы және көрші ауылда негізінен Адай мен Табын руы және 12 ата Байұлының Есентемір, Беріш секілді басқа да рулары болған көрінеді.

Толығырақ газетіміздің 14 ақпандағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз