Ата-әжелеріне құрмет көрсетті

Қарттар күніне арналған қызықты әрі танымды шара "Балдәурен" бөбекжайында "Теремок" тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен өтті.


"Қарттарым - асыл қазынам" атты мерекелік шараның қадірлі қонағы болып, Ақмаржаннның сүйікті әжесі, ардақты ұстаз  Зоя Есімқызы, Нұрисламның атасы мұнай айдау стансаның ардагері Өтежан Габдуллин қатынасып, тәрбиешілерге ризашылығын, бүлдіршіндерге ақ тілегін арнады.  Өз кезегінде "Теремок" тобының тәрбиешілері Г.Есалиева, А.Темірболатова, В.Авериянова бүлдіршіндерді ортаға әкеліп, өнерлерін паш еткізді. Әсем шара барысында "Айгөлек" ересек тобынан Айнұр Ринатқызы мен Аманжол Айшабибі "Әже әжетайым", "Сольнышка" тобы" Қазақстан"  әнін шырқады. "Айгөлек" тобы "Киіз басу" биін ортаға салды. 
"Біз бойымыздағы бар білімімізді періште бөбектерге арнап, олардың жүрегіне жол тауып,  Отанды сүюге  тәрбиелеуге ұмтылып келеміз,-деп кеш жүргізушісі педагог-медератор Гүлзада қабиқызы кездесуді қорытындылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT