Халықаралық әйелдер күні мерекесін Өрлік ауылының қариясы 104 жастағы Есжанова Жаңыл және Есбол ауылынан 101 жастағы Ізбасарова Маржан аналарымыз үшін күтпеген сый болды.
Өйткен осы мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Н.Нұрымбетовтің құттықтау хаты келді. Ғасыр жасаған аналарымыздың осынау қуанышымен бөліспек ниетте әрі астанадан жеткен аманатты табыстау үшін аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Өтеп Нұриев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ажар Серікқалиева, жартылай күндізгі стационардағы бөлімшенің директоры Айнагүл Жөкен және Өрлік ауылдық округінің әкімі Серік Сисатовпен аталған отбасыларда болдым.
Өткен ғасырдың қиын-қыстау кезеңдерінде кеңшар жұмысына араласып, еңбекпен шыныққан олар бүгінгі бейбіт өмірдің қадірі туралы сөз етіп, елімізге баянды болашақ тіледі.
Айта кетерлігі, Атырау облысы бойынша 100 жастан асқан 7 адам мекен ететін көрінеді.
С.КӨШЕКОВ.