Адай күйі.
Тамашаға тамсанғаным , шаттандым.
Қазақпын деп, АДАЙмын деп мақтандым..
Адай күиі мойындатқан әлемді.
Биіктігі і АЛАТАУДАЙ асқарлы.
Адай күйі ата бабам жолдары.
Адай күиі тарихымыз болғаны.
Адай күиі рух берген халқыма.
Адай күиі қасиетті орманым.
Адай күиі шаңырағым, шуағым.
Адай күиі таудан аққан бұлағым.
Адай күиі абройы Алаштың.
Адай күиі Пір Бектім ұраным.
Адай күиі желбіреген Туым да.
Адай күиі арқау болған жырыма.
Адай күиі рухани байлығым.
Шомылдырған күй құдірет нұрына..
Адай күйі көзіндей сол көненің
Бағалаймын қазағымның өнерін..
Адай күиі күбірлеген домбыра.
Көк жүзінде қалықтаған өнерім.
Адай күиі қадірменді қазағым.
Адай күиі бақыт бағы, базарым.
Адай күиі соғып тұрған жүрегім.
Адай күйі адал асым, қазаным.
Адай күиі бүгінім де ертеңім.
Адай күиі тілім , дінім, өрнегім..
Адай күиі найза ұшы қаруым.
Адай күиі асыл Анам , Ерлерім.
Адай күиі ақындар мен батыр да.
Адай күиі туыс дос пен жақын да.
Адай күиі жалындай бер жасай бер !
Адай күйі жалғаса бер ғасырлардан ғасырға !
Адай күиі зымырандай зулаған.
Мұхит асып көк жүзінде самғаған.
Адай күиі жалындаған мәңгі от
АДАй күиі келген силық АЛЛАдан.
Мәзім Шотанқызы.
Индербор кенті
Мен ӘЙЕЛМІН.
Мен әйелмін ,елім маған қарашы.
Әйелменен әдемі ғой , ұлан ғайыр бұл қазақтың даласы.
Әйелдерді төмендетпе кемпірсің деп, кепшік деп
Әйел деген адамзаттың анасы.
Ақ кимешек ақ жаулығы киелі.
Жаулығыма жау да басын иеді
Жаугершілік сонау өткен заманда.
Атқа қонған арулар бар оны жұртым біледі.
Мен әиелмін, қатынмын сол ақының.
Мың еркектен км емес сол ақылым.
Ақылсыздар толып жатыр бүгінде.
Жұдырықтап, кемсіткен өз қатынын.
Мен Әиелмін, ел бірлігін сақтаған.
Отан үшін алғы шептен қашпаған.
Мен әиелмін , әлемді сол тербеткен.
Әиел Ана , әиел Адам, кем емес ол бақада...
Батыр да бар, ақын да бар әиелден.
Құр қалмаған әиелдер де өнерден.
Әиелдерді төменсітпе салпы етек сорлы деп...
Әиелдермен өмір мәнді, әиелдермен көсегеңіз көгерген..
Мәзім Шотанқызы.
Бәрін, бәрін өзімізден бастайық..
Мен қазақпын, киімімде қазақша.
Қызмет етем ,өле өлгенше қазаққа.
Қысқа етекке ,хиджапқа да қарсымын.
Қалғым келмейді өзге ұлтқа мазаққа.
Бүгінде мен ақ жаулықты анамын.
Орнын бастым кешегі , әже апаның.
Ақ жаулығым, ақ сақалдан кәдірлі.
Исі сіңген ұлан ғайыр даланың.
Жасым келді кимешек те киемін.
Дін , тілімді дәстүрімді сүйемін.
Ел халықтан төмен қоям өзімді.
Көп алдында басымды мен іиемін.
Шақырамын қалың елді бірлікке.
Сіз ,біз десіп жүрейікші тірлікте .
Мен ақынмын шаңыраққа қараған.
Ерте ашамын, ерте оянып түндікті
Түтініміз түзу шықсын қазағым.
Қаспақты да майлы болсын , қазаның!
Бір қолымен ақ бескті тербеттім
Жүрегме жаққан әлем алауын.
Дін ислам сабақтассын дәстүрмен.
Ата әжеміз камзол, шапан, мәс киген.
Түре тартып ақ орамал, жаулығын.
Камшат бөрік, тақия киген жас күнде.
Қыз балаға қызыл шәлі жарасқан.
Ау қыздарым , тура жолдан адаспаң..
Біреудің қаңсығын, таңсық қылып не болды?
Өз діліміз өзімізге жарасқан.
Әр бір адам өзіне сол бастасын.
Тіл дінімнен, дәстүр салттан қашпасын.
Қазақ болсаң қазақ болып өмір сүр.
Ар намысты, абройды шашпасын.
Жан айқайым ,ашшы шындық ақырған.
Кенде емеспін Құдай берген ақылдан.
Ояу болсаң, ойлан және ой түйіп
Сабақ алшы осы жазған хатымнан.
Қапияда қатын тапқан ақылды..
Сөйлетеді бір АЛЛАмыз ақынды.
Бәрін ,бәрін өзімізден бастайық
Жүрекпенен тыңдап өсиет, нақылды.
Мәзім Шотанқызы.
Индербор кенті.
Ақ Жайықтың жағалауынан.