«Ару-Ана» ансамблі Алматыдан жүлделі оралды

 

«Индер-Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанынан құрылған «Ару-Ана» халықтық әжелер ансамблі 2025 жылдың 2-11 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен «Кел, шырқайық!» тележобасына қатысып, зор абыроймен оралды.

Ел ішіндегі әуесқой әншілердің талантын ұлықтауды мақсат еткен байқауды КТК телеарнасы ұйымдастырған болатын.

Ұлттық өнерді қадір тұтатын, қазақтың көне әндерін жаңғыртып, дәстүр мен тәрбиенің алтын арқауын жалғаған әжелеріміз көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, тартысты додада жүлделі І орынды иеленді.

  • Байқау жақсы жоғары деңгейде өтті. Біздің құрылғанына 20 жылға жуықтаған ансамбль құрамында 13 өнерпаз бар. Бірақ байқаудың шартына байланысты команда құрамында 6 адам ғана бардық. Жобада әншілеріміз өз өнерін ортаға салып, сұрақтарға нақты жауап беріп, қызықты оқиғаларымен бөлісіп көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Шара соңында ұйымдастырушыларға арнайы ауылдың дәмін, мұражайына жергілікті ақын жазушылардың кітаптары мен аудан халқы атынан «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлиннің аманаттаған Алғыс хатын сыйға тарттық, - дейді ансамбль жетекшісі Еркін Әубәкіров.

Сондай-ақ жетекші ұзақ жолға аттанғанда аяқтарын жерге тигізбей демеушілік жасаған аудан әкімдігіне, мәдениет бөліміне және жергілікті кәсіпкерлерге зор ризашылығын жеткізді.

Аудан абыройын асқақтатып, ұрпаққа өнеге, елге мақтаныш боп оралған ансамбль мүшелерін аудан әкімдігі арнайы қабылдап, Алғыс хат табыстады.

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT