Ардагерлер жарыс жолында

Орал қаласында 50 жастан асқан ардагерлер арасында республикалық спартакиада мәресіне жетті. Ардагер спортшылар волейбол, үстел теннисі, шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және шахматтан сынға түсті.
 Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын айтулы додаға Атырау облысының командасы да сынға түсіп, командалық екінші орынға қол жеткізді.  Ал командалық есептің бас жүлдесін  Түркістан облысы жеңіп алса, жарыс иелері батысқазақстандықтар үшінші орынға табан тіреді.
Тоғызқұмалақ спортынан Атырау командасының сапында аққалалық жерлесіміз Амангелді Мұратов табысты өнер көрсетіп, аталған спорт түрінен командалық күміс жүлдеге қол жеткізді. Айта кетейік, Амангелді Мұратов бұған дейін облыс чемпионы атанса,  осы республикалық жарысқа іріктеу кезеңінде де облыста үздік шықты.  Аудандық балалар спорт мектебінің Аққала ауылында бапкерлік қызмет атқаратын оның тоғызқұмалақшы шәкірттері республикалық жарыстарда жүлдегер атанып, облыстың намысын лайықты қорғап жүр.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі маманы Қазбек Жолдасқалиевтен білгеніміздей, Оралдағы республикалық сынды ауылшаруашылық колледждің мұғалімі  Айда Масалимова шахматтан бақ сынаған екен. Ол іріктеу сынында облыста күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Сондай-ақ облыстық спартакиадада индерлік спортшылар волейбол мен  шағын футболдан  3 орынды иеленді. Ал  жекелей сында Рита Оразмұхаметова  үстел теннисінен қола жүлдеге қол жеткізіпті.  



Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT