Ардагерге – медаль, жастарға – пәтер!

Жаңа мәдениет үйінің алаңындағы «Әсем қала, арман қала – Астана» тақырыбындағы мерекелік кешке сай әдемі де көркем безендірілген сахна шымылдығы театрландырылған хореографиялық-композициялық қойылыммен бастау алып, Рза Нұрмағамбетова «Астана вальсі» әнін орындап мереке шырайын жақты.

Салтанатты шарада аудан әкімі Серік Арыстан аудан халқын  мерекемен құттықтап, Елбасының төл туындысы – Астананың 20 жылда жеткен жетістіктері мен бағындырған белестеріне тоқталды.

өк байрағымыз көкке желбіреп, еліміз дамып, Астанамыз көркейе берсін,-дей келе еңбек ардагері, зейнеткер-ұстаз Ғайни Ғабдуллинаға, Есбол ауылдық округі әкімдігі жанындағы әйелдер кеңесінің төрайымы Ажар Сұлтанғалиеваға, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің емхана бойынша орынбасары Күләш Қаражановаға «Астанаға–20 жыл» мерекелік медалін тапсырды. Ал, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген аудан жастары Абыл Аяш (Т.Досымовтың мұрасын насихаттау мақсатында құрылған «Тұңғыш» жобасының авторы), Айдана Төлеуғалиева («Жұлдыз» сұлулық салонының маманы), Рафхат Жұмабай (Жастар ресурстық орталығының маманы), Арман Төлегенов («Саида» фото-салонының иесі), Азел Алмурзиева («Жасыл ел» еңбек жасағының сарбазы), Асқар Баймұханов (тамақтандыру орталығының иесі), Тоғайбай Салахадинов (аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы), Бексұлтан Тұржанов («Тағылым-Индер» ҚБ төрағасы) аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, баспасөз, ішкі істер, мәдениет саласында өнікті еңбек етіп келе жатқан мамандарға пәтер кілті берілді.

Сонымен қатар, мерекеге сай өткізілген «Астана – болашақтың қаласы» атты ағылшын тілінде эссе жазушылардың аудандық байқауы қорытындыланып, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева үздік танылған эссе авторларын марапаттады. Жалпы бұл байқауға барлығы 16 автор қатысып, олардың ішінде Қарлығаш Жолдасова, Гүлзат Сагидуллина, Алтынай Төлеш үшінші, Самал Жүнісқалиева, Зинура Шагилбаева екінші, Ботагөз Суюнова бірінші орынды иеленсе, ал Астанаәлі Ерманатов бас жүлдеге ие болды. Аудандық орталық кітапхана ұжымы «Астана – ұлтымыздың рухани ордасы» тақырыбында кітап көрмесін жасақтап, онда Елбасының кітаптары қойылды.

Мерекелік шараға әнші Роза Әлқожа арнайы келіп, аудан тұрғындарына әсем әнін арнаса, кеш одан әрі аудан көркемөнерпаздарының концертіне ұласып, мерекелік от-шашулармен аяқталды.

 

Д.АЙБАРОВ

Суретті түсірген автор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521