Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нысанғалиев Алтынбек Бұхарзаұлына «Индер ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Гүлнұр Сүйеуованың хабарламалары тыңдалып, тиісінше қаулылар қабылданды.
Нысанғалиев Алтынбек Бұхарзаұлы – Гурьев облысы, Есбол ауданы, Өрлік селосында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы мәдениет институтын және Гурьев ауылшаруашылығы техникумын бітірген. Негізгі мамандығы – жоғарғы дәрежедегі мәдениет қызметкері.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.