18 шілде күні таңертең Алматы қаласы Жетісу ауданындағы лак-бояу өнімдер қоймасынан өрт шықты.
"Отты сөндіруге Алматы өрт сөндіру қызметінің 67 қызметкері мен 27 техникасы, сондай-ақ өртті сөндіруге арналған суағар құрылғымен жабдықталған тікұшақ жұмылдырылды", - деп хабарлады ТЖД.
Алматы қаласы құтқару қызметінің борты да өрт сөндіруге кірісіп кетті. Төтенше жағдай маңына адамдар келгенімен полиция қызметкерлері ешкімді жолатпай отыр. Қоймада 200 тонна лак-бояу өнімдері сақталғаны белгілі болды.
Айта кетейік, бұл жайт 2019 жылдың 18 шілдесінде сағат 07:45-те Алматы қалалық ТЖД-дің "101" пультіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекенжайында орын алған.
Материал ашықдереккөзден алынды.