Алматыда тәртіпсіздіктер барысында лаңкестер 1347 қару ұрлады

Алматыда тәртіпсіздіктер барысында лаңкестер 1347 қару ұрлады. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде болған онлайн брифингіде айтты.

«Мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау мақсатында арнайы жедел жоспар енгіздім. Дабыл бойынша гарнизонның барлық жеке құрамы көтерілді. Қала көшелерінде, саябақтарда, алаңдарда қосымша полиция жасақтары мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері қойылды. Стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету, нысандарды қорғау күшейтілді. Осы уақытта лаңкестер бір мезгілде қаланың әр жерінде патрульдік жасақтарға шабуылдай бастады», - деді Қанат Таймерденов.

Осы орайда ұрланған қарудың санын жарияланды.

«Лаңкестердің басқа топтары бір уақытта қару-жарақ дүкендерін басып алды. Олар сол жерден қару-жарақ пен оқ-дәріні иемденді. Барлығы бүгінгі таңда 1347 қару ұрланған. Оның ішінде 501 мылтық, 807-сі тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қару. Осының барлығы нақты ұйымдастырылған. Олардың іс-әрекеті топ жетекшілерімен үйлестірілді», - деді департамент басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз