Әкесі туралы әлі хабар күтеді

Соғыс зардабы талай отбасына қайғы бұлтын төндіргені белгілі.

Кент тұрғыны, тыл ардагері Молдаш Түсіпқалиевтың да әкесі 1942 соғысқа алынып, хабар-ошарсыз кеткен. Сондықтан бар қиындық анасы Жұмазияға түсіп, асыл адам балаларын өсіріп, адам қатарына қосады.

Тыл ардагері 1935 жылы сол кездегі Есбол ауданы, Кулагиноға қарасты Хозауыл деген жерде дүниеге келген. Жасынан еңбекке араласып, "Правда" колхозында еңбек еткен. Кейін Доссорда училищеде оқып, елге оралған соң Индерборға табан тіреп, рудникте жұмыс жасаған. Кейін шахтаға ауысып, сол жерден зейнет жасына шығыпты.

Жақында аудандық мәслихат депутаты Ж. Исламғалиұлы ардагерге амандаса барып, естелік әңгімесіне құлақ түрген еді. Жолдасы марқұм Шәмшия екеуі ұрпақ өсірсе, олардың бәрі бүгінде егемен еліміздің еңбеккерлері.

Дегенмен қанша іздесе де әкесінің қай жерде болғаны жөнінде хабар ала алмағанына өкінеді.

Ж. ІСІМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз