Қайырымдылық дүкені ашылды

Индер ауданы орталығындағы «Талап» базарынан тұрмысы төмен отбасылар үшін қайырымдылық дүкені ашылды.

Мақсаты – көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарды киім-кешек, ыдыс-аяқ, т.б тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету.

Жалпы сауда нүктесіне айналған бөлмені базар басшылығы ақысыз беріп отыр. Ал сөрелердегі киім-кешек атыраулық кәсіпкер Гүлнара Төленбаеваның демеушілігімен және жаны жомарт жандардың есебінен толықтырылған. Жуырда ашылған дүкенде Мейіз Рахимова есімді жерлесіміз аптаның алты күні көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсетеді.

-Қайырымдылық жасау – ізетті іс. Қазіргі уақытта жалпы адамзаттық құндылықтар ретінде ізгіліктің мәні, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды мейірімділік тұрғысынан қараудың маңыздылығы артып отыр. Қазіргі қымбатшылық заманда күнкөрісі деңгейлері төмен отбасылары үшін бұл игі бастама. Мәселен, дүкен ашылған уақытта кенттегі және әр округтен ватсап желісі арқылы чат ашылып, оған көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тіркеліп, оларға тауарлардың келгенін хабарлап отырамыз. Сондай-ақ осы орайда қайырымдылыққа қолдау көрсетіп отырған базар әкімшілігіне алғыс айтамын!-дейді Мейіз апа.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521