10 тамыз күні Индер ауданы Елтай ауылында кіші аяқ доптан(футбол) жарыс өтті.
Мақсаты - "Біз біргеміз" атты ұранмен жастарды қайырымдылыққа үйрету.
Жарысқа 9 команда қатысты. Екі топқа бөлініп ойнап, тартысты жарыс өткізді. Ұзаққа жалғасқан ойында ойыншылар арасында арнайы далада әзірленген тағамдар мен сусындардан бойларына күш-қуат алып, сәл үзілістен кейін ойынға қайта кірісті.
Сонымен, жарыс қорытындысы бойынша қаладан арнайы келген "Қарекет" командасы бірінші орынды иеленді. Ал, екінші орынды - ауылдың 95 жылғы жастары еншілесе, үшінші орынды - 2000 жылғылар еншіледі.
Үздік қақпашы атағын - Гамлетұлы Раухат, үздік қорғаушы - Еслямғалиев Берік, үздік шабуылшы - Ғабиденұлы Алмас, үздік гол - Қарекет командасынан Рамазан сынды жігіттер иеленді.
- Ойын жоғары деңгейде өтті. Жарысты ұйымдастыру - жақсы істерге жол ашу, жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға көмек беру мақсатында жасалды. Қайырымдылықтың арқасында жылдан - жылға осындай жарыстар әлі де жалғасын табады деген сенімдеміз, - дейді жарысты ұйымдастырушы, ауданның "Жомарт жүрек" әлеуметтік жобасының "Ерен еріктілік" номинациясының иегері, Елтай ауылының тұрғыны Қуат Жанесеев.
А. Тұрғалиұлы