Айттың алғысы

Ораза айт күні ауданымыздағы "Әйіп қажы" мешітінде жамағатпен бірге айт намазы оқылған соң, 50 отбасыға азық-түлік таратылды.

Мешіттің ерікті жамағаты кенттегі үйлерге қоржындарды таратып, көптің алғысына бөленді.

- Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады. Ауданымыздың мұсылман қауымы да қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шараларымызға атсалысты. Мешіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық шаралар өтті. Бүгін тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді. Сауабы теңдессіз жақсы істерге үлес қосқан барша аудан жұртшылығына ризашылығымды білдіремін, - деді бас имам Ералы Қамзағалиев.

Айта кетейік, пітір садақадан жиналған 750 мың теңгеге 50 отбасыға азық-түлік алынса, 270 мың теңгеге 400 балаға сыйлық тарту етіледі.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521