ҚАЙСАҒАЛИ ДЕГЕН ҚАЙ АУЫЛ?

суреттер автордікі

Шынында да, құбыласын телефоннан іздегендерден Қайсағали ауылы туралы сұраудың өзі артық шығар. Дегенмен, біз бір күндік уақытымызды Есбол ауылдық округіне қарасты жайық өзені бойында орналасқан осы қыстақтарға бөліп, тыныс-тіршілігімен танысып қайтқанбыз.

img_8508

Алдымен ауылдың осылай атануының себебі неде екенін іздестіріп көрелік . Бүгінде Көктоғайда тұратын Қалидоллаұлы Қайсағали қарттың қара шаңырағында отырған ұлы Кеңестің айтуынша, ол кісі 1910 жылы туып, 1992 жылы дүниеден өткен. О баста Зеленый ауылына қарасты «Красный октябрь» колхозында, кейін атауы ғана ауысқан «Путь Ильича» совхозында еңбек еткен. Содан бір себептермен «Правда» совхозына кіріп, осы жерде 3-4 жылдай мал бағып отырады да, кейін қайта Зеленыйдың қырындағы Шегалы қыстағына қоныстайды. Өмірінің соңы Көктоғайда өтеді. Қасы көзін жауып тұратын, мінезді адам болса керек. Соған қарап жергілікті халық: «Қайсағалидың қасын берсін» деген сөз қалдырыпты. Сөйтсек, ол қас көзді емес – бүкіл құпияны жауып тұр екен ғой. Оның сонау жылдары "Халық жауы" деген жаламен 10 жылға сотталғаны, ол жаладан құтылу үшін соғыстың алғы шебіне сұранып, Сталинградқа барар жолда жау шабуылына тап болып, жараланатыны, ал әкесі Хабиболла Петерборда білім алып, бірнеше тілді меңгергені туралы деректер Астанадағы ұлы Табылдымен тілдескенде шыға бастады. Бұл енді бөлек әңгіме.

ТОЛЫҒЫРАҚ ДЕНДЕР ГАЗЕТІНДЕ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT