«АЙБОЗ» СЫЙЛЫҒЫ – АҚЫН АҒАМЫЗДА

Жақында биыл үшінші рет аталып өткен республикалық «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының қорытындысы жария етілді.

Бұл - құдіретті сөз өнері майталмандарын дәріптейтін, олардың шығармашылығын елге танытатын ерекше сыйлық. Осынау сыйлыққа ие болған қаламгерлердің арасында аудармашы-ақын, жерлесіміз Бекет Мұқанәліұлы Қарашин де бар. Қаламгер аталмыш сыйлыққа «Махамбеттің өлім жазасы» романы бойынша ие болып отыр. Марапатты иесіне еліміздің ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұсынып, қаламгердің шығармашылығына толағай табыс тіледі.

– Еңбегімді лайық деп таныған сарапшыларға үлкен алғысымды білдіремін. Өздеріңіз білесіздер, Махамбет мұрасы – менің бойтұмарым. Махамбет батыр мүрдесі байыз тапқан қасиетті Дендер топырағы – менің ата күлдігім, кіндік қаным тамған жер. Менің қуанышымды бөлісіп, құттықтап жатқандарға бек рахмет. Амандықта қауышуға жазсын,-дейді Бекет ағамыз телефон арқылы тілдескенімізде.

Алдаспан ақын, баһадүр батыр Махамбеттің 200 жылдығы қарсаңында қаламгер ақын өлеңдерінен «Жыр жебе-Стихи» аударма кітабы жарық көрген болатын. Өйткені сол кезеңге дейін батыр өлеңдері аударылған жоқ еді. Оның өзіндік сыры барын, кез келген аудармашының құдіреті жетпейтінін Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев батыр тойына қатысқанда арнайы атап өткені есімізде. Ендеше, марапат құтты болсын, қадірлі аға!

Сұңқар ЕРСАЙЫНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT