«ҚАЗАҚТА «ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ, БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ» ДЕГЕН СӨЗ БАР. СОНДЫҚТАН, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ КЕРЕК» ДЕГЕН БОЛАТЫН ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Қ.ТОҚАЕВ ӨЗ ЖОЛДАУЫНДА. СОҒАН САЙ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІНЕ БАРЫНША НАЗАР АУДАРЫЛЫП, БАЛАБАҚШАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ. БҰЛ РЕТТЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТҮРЛІ ШАРАЛАР ТІЗГІН ҚАҚТЫ.МӘСЕЛЕН, ЖУЫРДА «АЙНАЛАЙЫН», «БОТАҚАН» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАЛАРЫНЫҢ БАЗАСЫНДА «КАЛЕЙДОСКОП – МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР СОНЫҢ БІР ДӘЛЕЛІ. МҰНДАҒЫ МАҚСАТ – МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК, КӨРКЕМЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ЖАН-ЖАҚТЫ ШЫҒАРМАШЫЛ, ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІП, КІШІГЕ ҚАМҚОР БОЛА БІЛЕТІН, РУХАНИ БАЙ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ОЗЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕЛЕРІН ТАРАТУ.
Таңертеңгілік уақытта «Айналайын» бөбекжай-бақшасына жиналған семинар қонақтары алдымен педагогтар мен тәрбиеленушілердің көрмесімен танысты. Көрмеде балабақшаның кішкентай тәрбиеленушілерінің бірі кесте тігіп отырса, бірі сән көрсетіп, бірі тоқыма тоқыса, ер балалар саз балшықтан мүсін, түрлі әшекей бұйымдар жасап, бірі домбырада ойнаса, бірі әжесімен бірге құрт дайындап отырды. Бұның барлығы да баланы кішкентайынан еңбекке баулып, әр жұмыстың маңыздылығын үйренуіне септігін тигізері сөзсіз. Одан соң шараның ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева шара қонақтарына қош келдіңіздер айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
– Балабақша – дүниеге келген сәбидің алғашқы адам болып қалыптасуына ықпалы зор екенін тәрбиешілер түсінеді. Кент орталығындағы 290 орындық «Айналайын» балабақшасы 2018 жылы қолданысқа берілді. Аудандағы барлық балабақшалардың материалдық-техникалық базасының толтырылғанын қалаймыз. Бұл болашақ ұрпаққа жасалып жатқан жақсылық. Олардың ұлттық құндылықтармен сусындауына, қалыптасуына балабақшада беретін тәрбиенің көмегі зор. Баланың сүзбеден құрт, зергерлік бұйым жасауы, іс тігуге бейімделуінің барлығы келешек ұрпақтың шығармашыл тұлға болып қалыптасуына мемлекет тарапынан жасалған жақсылық, - деді бөлім басшысы.
Бұдан соң облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Зухра Кереева семинардың маңыздылығына тоқталды.
– 2022 жылы республикалық форум өткізіліп, нормативтік құжаттарға көптеген өзгеріс енді. Келесі жылдан бастап 23 құзыреттілік жұмыс жасайды. «Біртұтас тәрбие», «Баршаға қолжетімді сапалы білім» бағдарламасының барлығын іске асыруымыз қажет. Осы «Айналайын» балабақшасы құзыреттілік орталық болып саналады. Келесі жылы «Балдәурен» балабақшасы қосылады. Бүгінгі семинардың мақсаты – тәжірибемен бөлісу, идея алмасу, әрі қарай өз аудандарыңызда іске асыру. Әріптестер баланы сөйлетейік, оған сұрақ қойғаннан кейін бала жауап бергенше күтейік. Біз баланың дауысын естуіміз керек,-деді ол өз сөзінде.
«Айналайын» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Райгүл Машанова «Жасыл экономика» жобасы аясында «Жасыл экономика: Сіз оның бір бөлігісіз бе?», «Айналайын» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі Кайырғали Базаров «Ұлттық құндылық» жобасы аясында «Ерекше музыкалық аспаптар мен дыбыстар әлемі» тақырыптарында жобаларын қорғады. Семинар әрі қарай секциялық жұмыстармен жалғасын тапты. Атырау каласы, №30 «Жұмбақ» бөбекжайбакшасының би маманы Наргиз Темiртасова «Мектепке дейінгі жастағы балаларда көрнекі-қимылдық ойлауды дамытуға арналған музыкалық ырғақты-қимылдар», №8 «Ақбота» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Канатова Бактылы «Ұлттық құндылық негізінде логикалық тапсырмалар», №6 «Гүлдер» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Салтанат Мұсағалиева «Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар», жекеменшік «Мирас» бөбекжайбақшасының тәрбиешісі Асылзада Аустниязова «Развитие критического мышления у детей дошкольного возраста с помощью кубика Блума», жекеменшік «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Айзада Аманкелді «Асық – алтын қазынам», Исатай ауданы, «Балдырған» бөбекжай-бақшасының психологі Эльмира Шаймарданова «Білікті педагог – мықты психолог», «Райхан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері Гүлназ Уразалиева мен Салтанат Жұбанова «Free Stule» арт-шеберханасында жас аналар мектебінің жұмысы, «Балапан» бөбекжайбақшасының тәрбиешісі Шынаргүл Төлеген «Отбасылық құндылық – тәрбие негізі» тақырыптарында жұмыстарын көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық семинар түстен кейін «Ботақан» бөбекжай-бақшасында жалғасын тауып, онда аудандағы балабақша педагогтарының көрмесі қойылды. Одан соң «Ботақан» бөбекжайбақшасының тәрбиешісі Азиза Маратқызы «Ұлттық ойын – ұрпаққа мұра», «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Майжан Кенжеғалиева «Ұлттық жәдігер», «Парасат» әкелер мектебінің жұмысы, «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Тұрар Досқалиева «Agildi oyindar», Мақат ауданындағы «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Жамиға Дәулеталиева «Quiver» 3D бағдарламасын қолдану», жекеменшік «Амина-Әсел» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері Нұргүл Бекмамбетова мен Нұргүл Өтешова «Тәрбие негізі – ұлттық құндылықта», «Сандуғаш» бөбекжайбақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Сандуғаш Сүндетқалиева пен музыкант Шолпан Демалысова «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» («Құйыршық ертегісінің желісімен»), Құрманғазы ауданындағы «Ақмарал» бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі Айгүл Зинешова мен музыка жетекшісі Тілекқабыл Орынбасаров «Жасанды интеллект технологиясын ұйымдастырылған іс-әрекетке пайдалану», Атырау қалалық №55 «Жадыра» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Гүлшара Сидеғалиева «Бес асық, оқтау тартыс» ойынымен, Қызылқоға ауданының «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Жаннат Нұрпейсова мен әдіскері Гүлфариза Меңдіғалиева «Ойын арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу» атты шеберлік сыныбы, Махамбет ауданының «Алтын-ай» бөбекжай-бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Майрагүл Қабдығалиева «Қызықты ойындар әлемі» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік алмасты.
Педагогтардың озық іс-тәжірибелерін таратуды мақсат еткен семинар аясында «Жасыл экономика», «Ажарлы» тігін ательесі, «FEST Этно ауыл», «Кішкентай аспазшылар», «Менің Отаным – менің ауылым», «Кішкентай тігіншілер», «Жасыл экология», «Асық – ұлттық мұра», «Ұлттық жәдігер», «Ұлттық Құндылық» тақырыптарында көрме жұмысы ұйымдастырылып, балабақша тәрбиеленушілерінің музыкалық сәлемдемесі мен рефлекция жұмыстары жүргізілді. Семинар соңында тәжірибе алмасқан педагогтарға облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының Алғыс хаттары табысталды.
Ж.НАРИМАНОВА