«ADAL KÓMEK» еріктілер жобасын іске қосты

Мемлекет басшысы 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. «Волонтерлік нақты істермен көрінетін патриотизмнің жоғары деңгейін білдіреді. Отанға деген махаббат үлкен ұрандар мен бос декларациялар емес, бұл – күнделікті еңбек, соның ішінде халықтың игілігі үшін шынайы атқарылатын қайырымды істер.

Бұл – күнделікті еңбек, бұл – адамның болмысы, бұл – терең білім, жоғары мінез-құлық мәдениеті», – деп Президент «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсімінде атап өтті. Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі өздерінің құқықтары бұзылған кезде кіммен байланысатындығын, қай мемлекеттік органның құзыретіне оның сұрақтары кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Бірақ өтініштін қаралу нәтижесі хаттың дұрыс даярлағанына және тиісті органға жолдауына байланысты.

Осыған байланысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен «Еріктілер жылы» аясында «Adal kómek» жобасы іске қосылды, мақсаты азаматтарға құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Еріктілер ретінде Агенттіктің қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары шығып, олар тұрғындарға өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тұрақты түрде тегін кеңес береді. Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен «ANTIKOR ORTALYǴY»қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында ағымдағы жылдың 22 ақпанынан бастап, апта сайын сенбі күні сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін қоғамдық қабылдаулар өтеді.

«ANTIKOR ORTALYǴY» қызмет көрсету орталықтарының және «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің Атырау облысы бойынша мекенжайы Атырау облысы Атырау қаласы, Темірханова 2А көшесі , тел: 8 (7122) 71-75-23

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз