Абай өлеңдерін жатқа оқитын Арсений

Мектеп қабырғасында білім алып жатқан өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметі ерекше. Бұны күнделікті өмірде байқап та жүрміз. Солардың бірі – ауданға қарасты Есбол ауылдық округіндегі Жамбыл орта мектебінің 3 сынып оқушысы Арсений Кошечкин.

Ұлты орыс ұлан қазақ тілін жетік меңгерген. Кішкене жасынан бастап қазақша тақпақтарды айтып өскен ол қазір Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев сынды ұлы ақындарымыздың өлеңдерін жатқа оқиды. Арсенийге даярлық сыныбынан бастап білім берген ұстазы Алтынай Оразбаева оның әрі пысық әрі белсенді, зерек оқушы екендігін айтады.

Үнемі айналысына көмек беріп, өлең жаттауға деген ынтасымен, сабаққа деген құлшынысымен көзге түсетіндігін жасырмады. Тіпті мектеп ішінде өтетін апталықтарға үнемі қатысып, берілген тапсырманы да мұқият орындайды екен. Қазақ тілі мен әдебиті, математика пәндерін сүйіп оқитын Арсений өткен жылы Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай «Өнер алды – қызыл тіл» атты аудандық сайыста І орынға ие болып, облыста алғыс хатпен марапатталыпты.

Әкесі Николай Кошечкин мен анасы Камал Кулмашеваның қазақ халқына деген құрметін көріп өскен Арсений қазір атасы мен әжесінің тәрбиесімен қазақ халқының салт-дәстүрлерін де бойына сіңіріп өсіп келеді.

Жадыра НАРИМАНОВА,

Есбол ауылы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз