"АҚЫЛДЫ" ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Индербордан Атырауға бастар жолда жаңадан кәсіпкерлік нысандары бой көтеруде.

Соның бірі – жаңадан ашылған «ақылды» көлік жуу орталығы. Орталықтың салтанатты ашылуы рәсіміне кент әкімі А.Аймұратов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Сариев қатысып, кәсіпкерге сәттілік тіледі. «Атамекен» кәсіпкерлерлік палатасының аудандық филиалы басшысы Д.Сағынғалиевтың айтуынша, ауданда бұған дейін де көлік жуу орталықтарының бірнешеуі болса, бұл орталықтың ерекшелігі «ақылды» технологияға негізделгендігінде. Бұған дейін мұндай қондырғыны үлкен қалалардан көретін болсақ, енді, міне ауданымызға да жетіп отыр.

240838547_964392884137340_3818704720521851060_n

Жаңа орталықта тұтынушы арнайы автоматты қондырғытерминалға қажетті қаражатты салып, берілген уақыттың ішінде қызметтің төрт түрін пайдалану арқылы өзінің көлігін қалағанынша жуып ала алады. Заманауи технология еңбек өнімділігінің артуына ықпал етеді. Әрі уақыт пен еңбек күші үнемделеді. Нәтижесінде тұтынушылар өзі жуып алғандықтан да қалтасына да салмақ түспейді, шығыны да аз.

Көлік жуу орталығының иесі Әлім Меңдіғалиевтің айтуынша, лед прожекторлар арқылы кешеннің іші де, сырты да жақсы жарықтандырылып отыр. Яғни тұтынушылар қараңғы мезгілде де көліктерін алаңсыз жуып ала алады. Ал кешеннің құралжабдықтары негізінен ресейлік және су насосы сынды кейбір күрделі құралдары Италияда шығарылған. Кәсіпкер Әлім Тілекқабылұлы бұған дейін ауысымдық қызмет атқарып келсе, кәсіпкерлік салаға тұңғыш рет тәуекел жасап отыр екен. Кешенде алдағы уақытта көлік жуу орталығымен қатар шиномонтаж және дүкен ашуды жоспарлауда. Қазірдің өзінде жаңа технологиямен көлік жуып алуға тілек білдіруші тұтынушылар көп екен. Кәсіпкердің жаңа бастамасына сәттілік тілейміз!

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521