АҚБЕРЕН АҚЫН - АУДАНДА

Ақын Ақберен Елгезек өткен аптада ауданымызға келді. Талантты ақын алдымен Қараойға Махамбет мазарына барып дұға етті. Ізетті інісін Қазақстан жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы, ақын Қойшығұл Жылқышиев құшақ жая қарсы алып, жол бастады.
Ол 1980 жылы 24 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы Мәдениет ауылында Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері. «Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі. «Кентавр» ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы. «Көлеңкелер күбірі» атты жыр жинағының, "Болмаған балалық шақ" повесінің авторы. Сондай-ақ Иван Бунин, Дмитрий Мережковский, Варлам Шаламов, Владимир Высоцкий, Гийом Аполлинер шығармаларын аударған елге белгілі қаламгер. Ауданымызға келген соң марқұм Табылды Досымовтың зиратына құран бағыштап, одан әрі Мұрат Мөңкеұлы мен Табылдының ескерткішіне барды.
Одан әрі аудандық «Дендер» газетіне табан тіреп, газет редакторы редакцияның ішкі тынысы, шығармашылық ұжыммен таныстырып, әңгіме өрбітті. Ақынға сый-кәде ретінде кітаптар сыйлады. Сондай-ақ редакцияның Ықылас кітабына қолтаңбасын жазып қалдырды.


Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521