Ақбөбек - "ALASH STAR" жеңімпазы

«Жақында Нұр-Сұлтан қаласындағы «ALASH» өнер-білім орталығы ұйымдастырған III республикалық «ALASH STAR» өнер додасы өз мәресіне жетті.

Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы байқауға еліміздің әр түкпірінен 150-ге жуық күміс көмей, жезтаңдай әншілер қатысты. Солардың арасында Индер аудандық балалар өнер мектебінің дәстүрлі ән сыныбының оқушысы, бөденелік Ақбөбек Тілеуғалиева бар.

Ол бұл байқауға онлайн тіркеуден өтіп, кейін өз жұмысын, яғни, Халық әні “АҒАЙШАНЫ” жолдаған. Осылайша, қазылар алқасы мен тыңдаушыларын ерекше дауысымен таңғалдырған Ақбөбек байқаудың «Бас жүлдесін» қанжығасына байлады.

Міне, пандемияға байланысты өз өнерін үйден шықпай-ақ паш еткен талантты жеткіншек арнайы Дипломмен, ал шәкірттерінің бойына өнер мен білімді, тәрбиені қатар дарыта отырып, қанаттары қаймықпай алысқа қағуына, биік шыңдарды бағындырып, әр байқауда оза шабуына ерекше үлес қосқаны үшін ұстазы Гүлбаршын Сариева «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

-Іс-шара карантин кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізумен қатар, патриоттық санасын қалыптастыруға бағытталған. Негізінен, қазір онлайн-байқаулар көптеп ұйымдастырылып келеді. Ал бұл мүмкіндікті жас бүлдіршіндер барынша жақсы пайдаланып келеді.

Жалпы, бұрындары біздер осындай байқауларға біраз қаражат жұмсап барып қатысып жүрдік. Ол кезде де жеңіс тұғырынан көрініп келдік. Ал қазір тек әр қатысушы қол жетімді көлемдегі алғашқы жарнасын төлеп қатыса алады. Әрине, бұлда оқушылар үшін де, ата-ана үшін үлкен мүмкіндік деп білемін,-дейді жетекшісі.

А.ДИАС

Бөдене ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521