Мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде деректердің жоғалуын болдырмау үшін «ҰАТ» АҚ деректерді сақтау жүйелерін жаңарту бойынша техникалық жұмыстар жүргізілді. Аталған жұмыстарға байланысты «ЭШФ» АЖ 2023 жылғы 14 қаңтар сағат 16:00-ден 2023 жылғы 15 қаңтар сағат 17:54-ке дейін қолжетімсіз болды, бұл салық төлеушілердің электрондық құжаттарды рәсімдеу мүмкіндігінің болмауына әкелді.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Комитет 2023 жылғы 16 қаңтарда техникалық қатені тану туралы хаттамаға қол қойды.
Осылайша, қағаз тасығышта жазылған шот-фактураларды ЭШФ АЖ жүйесіне 2023 жылдың 30 қаңтарынадейін енгізу қажет.
ЭШФ АЖ-ге қағаз ЭШФ енгізген кезде ЭШФ АЖ Журналында «қағаз ШФ енгізу» тетігінің көмегімен ЭШФ жазу қажет екенін атап өту маңызды.