600 мың теңгенің аппаратын сыйлады

Атырау облыстық нотариалдық палатасы мүшелері қаржы жинап, бірнеше аудандағы ауруханаларға кислород концентратын сыйға тартқан болатын.

Бүгінгі таңда өте қат болып отырған аппарат біздің өңірге де келіп, оны палата мүшелері, яғни, нотариус Мұрат Нұрымов бас дәрігер Бауыржан Төлегенге табыс етті. Бұл 600 мың теңге шамасында тұратын «Ар-мед» кислород концентраторы Ресейдің Новосибирск қаласынан шыққан, 10 жылға дейін жұмыс жасауға жарамды. Кепілдік мерзімі де бар. Бір мезетте екі науқас қатар тыныстай алады. Көмектесіп жатқан баршаға алғысын білдірген бас дәрігер:

-Қазір 14 аппарат келіп отыр. Өткенде қатты қиналған кезде күніне 60-70 баллоннан кетті. Қазір осы аппараттың арқасында арқамыздан жүк түскендей болды. Аурухана да, емхана да дәрі жеткілікті. Облысқа келген дәрілер бізге келіп жатыр. Бір күнде 3-4 адам емделіп шығып жатыр. Дегенмен кейбір адамдар ауруды өткізіп алып келеді. Осыған сақ болған жөн. Сондай-ақ дәрігер мамандардың алды келіп жатыр. Бұйырса, маманмен толық қамтылады. Науқастарға арналған 34 орын бар. Өткен аптада 303 науқас тіркелсе, оның 70 пайызы емделіп шықты,-дейді.

Осылайша көп болып елге келген кеселдің бетін қайтаруда. Енді әр адам карантин талаптарын қатаң сақтап, оның таралмауына жол бермегені абзал.

Ж.ІСІМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз