Құқық бұзушылықтың алдын-алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында ағымдағы жылғы 11-13 желтоқсан аралығында ауданда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара басталғалы 54 құқық бұзушылық тіркеліпті.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде Индер ауданы полииция бөлімі жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет етеді. Іс-шара басталғаннан бері көлік жүргізуші құқығынан айырылған күйде автокөлік басқарған бір тұлға анықталып, ҚР ӘКБТК 612 баптың 3 бөлігімен хаттама толтырылды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге жол бермегендер бойынша 8 хаттама, белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншілерге 25 хаттама, ұсақ бұзақылық бойынша 4 хаттама, алкогольдік ішімдік ішкен тұлғаға 1 хаттама, түнгі мезгілде жүрген жасөспірімдерге 15 хаттама толтырылды.
Тұрғындарға қоғамдық орындарда қылмыс немесе құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша куәгер болсаңыз немесе олар бойынша қандай да бір ақпаратты немесе маңызды мәліметтерді білсеңіз 102 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертемін, - дейді жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығы Ғалымжан Жұмағалиев.
Ж.НАРИМАНОВА