Мен атаулы әлеуметтік көмек алып жүргенде, ел Үкіметінің бағдарламалары аясында жергілікті биліктің қолдауымен осы бір шағын массаж ісін бастаған едім.
Оған дейін үйлерге барып массаж жасап жүрдім. «Бизнес-бастау» жобасын естіп, сол жобаны оқыған болатынмын. Қазылар алқасы менің өнерімді бағалай отырып, қолдау көрсетті. Осылайша мен 500 000 теңге грант иесі атандым. Ол менің өз бизнесімді бастауға алғашқы баспалдақ болды. Осы бір қолдау менің өміріме үлкен әсерін тигізді.
Қазіргі т а ң д а к е н т тұрғындарының балаларына қолымнан келгенше көмек көрсетіп жатырмын. Еңбегім бағаланып, осы жылы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып та үлгердім. Ол да мен үшін үлкен мәртебе. С о н д ы қ т а н , а у д а н д ы қ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серікқалиева Ажар Жалғасқызына рахмет айтамын. Қашанда жәрдем сұрай барған аналарға қолұшын беріп, мүмкіншіліктердің бағытын айтып отырады. Жұмысына өте ұқыпты. Әлеуметтік көмек алатын аналарға қолдау көрсетілуде. Олардың да өз кәсіптерін бастауына тілекшімін.
Жанаргүл ШАПХАТОВА,
Индербор кенті