2024-2029 жылдарға арналған ЖИ тұжырымдамасы жүзеге асуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Жасанды интеллект – енді ғылыми фантастика емес, біздің көз алдымызда адам өмірін түбегейлі өзгертетін революциялық технология» екенін атап өтті.

Өткен жылы қабылданған 2024-2029 жылдарға арналған жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасы осы бағыттағы жүйелі жұмыстың бастауы болды. Онда деректерді өңдеу, инфрақұрылым құру, адам капиталын дамыту, ғылыми зерттеулер, құқықтық реттеу және акселерациялық бағдарламалар секілді алты негізгі бағыт қамтылған.

2029 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 20 пайызы жасанды интеллект көмегімен көрсетіліп, кемінде 80 мың азамат тегін оқудан өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Ұлттық жасанды интеллект платформасы негізінде кемінде 25 шешім жасалады.

Бұл бастамалар еліміздің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Президент Жолдауында айтылғандай, жасанды интеллектіні дамыту – Қазақстанның жаңа дәуірдегі стратегиялық басымдығы.

 

Жадыра Нариманова 

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT