20 күнде 27 мыңға жуық шетел көлігі заңдастырылды

сурет ашық дереккөзден алынды

Көлікті заңдастыру шарасы жүзеге асырыла бастаған 20 күнде 27 мыңға жуық көлік тіркелді, деп хабарлайды den-der.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сайттағы деректерге қарағанда, тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, әрі тіркеуге жіберілді.

Сонымен бірге ІІМ автокөліктерді заңдастыру процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін талдау жүргізуде.

Атап айтқанда, заңдастыру процесінде көбіне басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды, олар ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған.

«Аталған көліктер бойынша Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірледі. Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз