Наурызнама онкүндігі аясында 16наурыз "Наурыз- салт- дәстүрдің жаңғыруы" болып бекітілген болатын.
Аталған мейрам күні Өрлік -Мәдениет үйі мен Өрлік ауылдық кітапханасы бірлесе отырып қазақтың салт- дәстүрінің бірі "Тұсаукесер"салтын көрсетті. Шарада тұсау кесер салтының мән- мағынасы жөнінде айтылып, ала жіппен сәбидің тұсауы кесіліп, қариялар ақ жол тілеп бата берді. Ән айтылып, күй тартылды.